Қарағандыда «Ұлттық киім-ұлт айнасы» атты сән көрсетілімі өтті. Көрсетілімде қазақ халқының дәстүрлі киімдері мен ұлттық нақыштағы 35 топтама көпшілік назарына ұсынылды. Шара Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.