17 наурыз – Шаңырақ күні. Бұл – қазақ халқы үшін отбасы құндылығы мен бірліктің, береке мен ынтымақтың символына айналған ерекше мереке. Осыған орай Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Ұлт мұрасы – киіз үй» атты қолөнершілер байқауы өтті.