Қарағандыда «Құстарды қарсы алайық!» акциясы басталды. Эко-белсенділер мен оқушылар құстардың ұшып келуіне дайындалып, ұялар орнатуда. Өңірде апта соңына қарай көктемнің алғашқы хабаршыларының бірі — қараторғай күтілуде. Құстардың жайлы ұя салуы үшін қала саябақтары мен аулаларында жағдай жасалуда.