Негізгі заңға ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың құқықтық теңдігін нақтылай түседі, шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік қағидаттарын күшейтеді. Бұл туралы тұрғындарға жаңа Ата заңдағы өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесуде талқыланды.