Тараз қаласында өткен грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында қарағандылық балуандар жүлделі орындарға ие болды. Ел біріншілігінде өңір намысын қорғаған спортшылар бір алтын, бір күміс және бір қола жүлдені еншіледі. Жеңімпаздарды жанкүйерлері мен жақындары ерекше ықыласпен қарсы алды.