Балқаш қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары былтыр 1 трлн 90 млрд теңгеге өнім өндірген. Оның нақты көлем индексі 105 пайызды құрады. Бұны Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында Балқаш қаласының әкімі мәлімдеді. Брифингте Сапар Сатаев өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,спорт және жастар салаларындағы атқарылған істерді мәлімдеді.Нақты нәтижелермен алдағы жоспарлар таныстырылды.