Қарағандыда Конституциялық реформаны креативті форматта түсіндіруге арналған көңілді тапқырлар турнирі өтті. Қазақстан Халық партиясы мен Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған сайысқа еліміздің әр өңірінен келген студент қыздар қатысты. Қатысушылар әзіл мен сахналық көріністер арқылы Конституциядағы маңызды өзгерістерді көрерменге қызықты форматта жеткізді.