Құжаттарды енді халыққа қызмет көрсету орталығынан кез келген уақытта кезексіз алуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейтін ыңғайлы постаматтар сервисін іске қосты. Жаңа қызмет Қарағанды қаласының тұрғындарына да қолжетімді.