Қарағанды облысында цифрлық сервистер тұрғындардың күнделікті өміріне еніп, қызметтерді қолжетімді етуде. Соның бірі, «ЦОН» мобильді қосымшасымен автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады. Еліміз бойынша жаңа жүйе іске қосылған алғашқы екі аптада 60 мыңнан астам адам ақылы автомобиль нөмірін рәсімдеген. Олардың ішінде қарағандылық азаматтар да бар.