Әлихан Бөкейханов атындағы 16-шағынауданында Қарқаралы ауданы фермерлерінің өнімдері сатылатын әлеуметтік павильон ашылды. Бұл – жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылатын төртінші филиал. Енді тұрғындар азық-түлікті артық үстемесіз, қолжетімді бағамен сатып ала алады.