Келер жылы аймағымызда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 10 жоба іске асырылады.Оның жалпы сомасы 288 миллион теңгені құрайды.Бастамалар шеңберінде жасанды интеллект технологияларын зерделеу бойынша курстар мен экологиялық фестиваль өткізіледі. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің қорытындысы отырысында жарияланды.