«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық тәртіп әліппесі» жобасы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Саран қаласында депутаттар, жастар, студенттер, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жергілікті басқару органдарының жұмысымен танысып қайтты.