Ел оңтүстігінде қайғылы жағдай орын алды. Түркістан облысындағы екі қабатты жеке үйден шыққан өрт он екі адамның өмірін қиды. Қайтыс болғандардың тоғызы балалар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, тиісті органдарға отбасына барынша қолдау көрсетуді тапсырды.