Өңірімізде 175 мыңнан астам оқушы болса, соның 17 мыңы биыл бірінші сынып табалдырығын аттаған шәкірттер. Оның 49,6 пайызы таза қазақ тілінде білім алуда. Қоғамның, жалпы халықтың күнделікті өмірінде қолданатын қызмет түрлерінде қазақ тілінің үлесі қандай деңгейде деген сұрақ туындауы мүмкін. Тақырыпты тілші тарқатсын.