Қарағандыда оң өзгерістер орын алуда. Алпыс жылдан астам тарихы бар мектеп қайта жаңғыртылып, жаңа кейіпке енді. Ал Шахтёрский кенті отыз жыл пешпен жылынған күндерді артқа тастап, екінші жыл қатарынан орталық жылумен қамтамасыз етілді.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев атқарылған жұмыс барысымен танысты.