Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінде жұмысшы мамандықтарын даярлау жүйесін дамыту мен жаңғыртуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар еңбек нарығының қазіргі талаптары жағдайында кәсіби білім берудің негізгі мәселелерін талқылады.