Елімізде «Қазақстан» есімді 31 адам тұрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес олардың біреуі – әйел, қалғаны – ер адам. Бесеуі Астанада, сегізі – Ақмола, жетеуі – Қарағанды, үшеуі – Қостанай облысының тұрғыны екен. Егемен еліміздің атауын абыроймен арқалап жүрген ерекше есімді жігітпен әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы тілдесті.