Балқаш қаласының орталық көшелерінде "Kazakhmys Smelting" ЖШС ұйымдастырған Cuprum Run дәстүрлі жаппай жүгірісі өтті. Бұл спорттық іс-шара жыл сайын спорт пен белсенді өмір салтын сүйетіндерді біріктіретін қаланың қолтаңбасына айналды.