Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс.Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай деді.Ал оқу ордаларының базасын жаңғырту – уақыты сұранысы мен заман талабы.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу ұлттық университетінің шетел тілдері факультетінде жаңа ғылыми оқырман залы ашылды. Ойлы оқырманның санасына сілкініс мен ұтқыр ұмтылыс сыйлайтын рухани орталықтың жұмысымен Аяжан етене танысып қайтты.