Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын атап көрсетті. Отандық өндірісті қолдауға, өнеркәсіпті жаңғыртуға, бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Жаңа бастамалар қазірдің өзінде қалың жұртшылықтың ықыласына бөленді.