Қарағандыда жүзден астам үй жылыту маусымына дайын емес. Бірқатар үйлерде жөндеу жұмыстары енді ғана басталған. Аяқталу мерзімі - 20 қыркүйек. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылу энергиясы саласындағы негізгі нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыс барысын тексерді.