Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексеруді жалғастыруда. Мақсат – жұмыс сапасы мен мерзімін бақылау және кемшіліктерді дер кезінде жою.Жобалық-сметалық құжаттаманың сақталуы, құрылыс материалдарының уақытылы жеткізілуі жіті назарда.