Газ, жылу, жолдар және абаттандыру. Шахтинск қаласына жұмыс сапары кезінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев шаһардағы атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алды. Өңір басшысы нысандардың жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Жолдарды қайта жаңарту қарқынын бақылады. Жергілікті тұрғындармен кездесті.