Астанада ұлттық тағамдарды ұлықтауға арналған BAIQYMYZ гастрофестивалі өтті. Ел көлеміндегі ең ауқымды гастрономиялық шаралардың біріне айналған фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген қымыз өндірушілер қатысты. Дода барысында 50-ге жуық қымыз өндіруші өз өнімдерін ұсынып, дәмі мен сапасы сынға түсті. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданынан қатысқан «Қарынши» шаруа қожалығы екінші орынды жеңіп алып, 15 миллион теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды.