Қарағанды облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмысы күшейтілді. Биыл өңірдегі ахуал күрделі. Зиянкестерді жоюға арнайы техника, жеңіл ұшақтар мен дрондар жұмылдырылған. Алдын ала анықталған ошақтарға әуеден пестицид себіледі. Бүгінгі таңда өңірде шегірткенің саяқ түріне қарсы 3200 гектар жер уланған. Көк шалғынның аса қауіпті жауы италиялық шегіртке түрі де биыл өте көп.