Қарағанды облысында жасөспірімдерге өндіріс орындарына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар Сарыарқа арнайы экономикалық аймағында орналасқан үш ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты.