Шет ауданында белгілі дәулескер күйші,сазгер Дәулетбек Сәдуақасұлы атындағы «Мәңгілік сарын» республикалық шертпе күйшілер байқауының үздіктері анықталды.Сайыста 11 облыс пен аспан асты елінен үмітін үкілеп келген күйшілер сынға түсті.Өнер бәсекесі шертпе күйдің шебері Қыздарбек Төребайұлының 175 жылдығына орайластырылды. Саусаған күй саулаған табиғи талант иелерімен әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы тілдесті.