Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соты 16 жастағы жасөспірімге үкім шығарды. Ол 14 жастағы танысын әдейі өртеген деп айыпталды. Зардап шеккен баланың аяғын күйік шалған. Оқиға былтыр күзде болған және қоғамда үлкен шу тудырған еді.