Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Қазыбек би ауданы бойынша басқармасы мамандары «Берешекті өндіріп алу» тақырыбында брифинг өткізді. Бір ғана ауданның өзінде 5 мыңға жуық салық төлеушінің берешегі 20 миллиард теңгеге жеткен.