Қарағанды қаласында тұрғындарды таза ауызсумен толық қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін халықты 100% сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен Жаңа Тихоновка кентінде су құбыры желілері тартылып жатыр.