Бұқар жырау ауданында картоп отырғызу маусымы басталды. Бұл науқанда белсенділік танытып отырған ірі шаруашылықтардың бірі — «Баймырза-Агро 2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған кәсіпорын агротехнологияны тұқым шаруашылығындағы инновациялармен сәтті ұштастырып келеді. Толығырақ әріптесім Таңшолпан Мадиярқызы тарқатсын.