Қарағандыда Кірпіш зауыты ауданындағы орман алқабында 44 мың қарағай көшеті отырғызылды. Үш жыл бұрын бұл жерде ірі өрт болып, 70 гектар аумақтағы қарағай, қарағаш пен үйеңкі жойылған еді. Ағаш отырғызу жұмыстары былтыр басталған. Орманды қалпына келтіру – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған ұлттық жобаның бір бөлігі.