Қарағанды облысында егістік жұмыстарына дайындық басталды. Әртараптандыру бағдарламасы бойынша мал азығы және майлы дақылдарға бөлінетін алқап көлемі ұлғайған. Жалпы, егістік 105 мың гектарды құрайды. Агросалада биыл атқарылатын жұмыстар жайлы өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде айтылды. Тақырыпты тілші тарқатсын.