Қарағандыда соғыста қаза тапқан екі сарбаздың мазарынан туған жеріне топырақ жеткізілді. Марқұмдардың тағдырына қатысты деректі туған-туысы қаншама жыл таба алмаған. Іздеу тобының кешенді жұмысының арқасында боздақтардың өзге елде бауырластар қорымында жерленгені белгілі болды.