Қарағандыда ретрокөліктер көрмесі ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен таныстырылымға көне көліктер мен авто-мото-техника түрлері қойылған. Шара Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілген. Біздің түсірілім топ та экспозицияның куәсі болып қайтты.