Қарағандыда қазақ күресінен ересектер арасында «Сарыарқа батырлары» Азия кубогы өтті. Дүбірлі додада бес мемлекеттен келген кіл мықты палудандары белдесті. Сайыс жеңістің 80 жылдығы мен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Диханбай Биткөзовтың құрметіне орай ұйымдастырылды.