Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде жастар игі іспен көзге түсті. Ауылдың Жастар ресурстық орталығының еріктілері «Ардагерді ардақтайық» атты қайырымдылық акциясын өткізіп, тыл еңбеккерлерінің үйлерінде сенбілік ұйымдастырды.