Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінде алғаш рет ерекше форматта— ProfiLend School Edition фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара интернат мектептерінің тәрбиеленушілері мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен фестиваль барысында оқушылар түрлі кәсіп түрлерімен танысып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін байқап көруге мүмкіндік алды. Әріептесім Дильназ Шангерей тарқатып айтсын.