Ұлттық кітап күні Н. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Президенттік арнайы әдеби сыйлықтың иегері Жәнібек Әлиманның «Алтын тұңғиық» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Бұл — қаламгердің жарық көрген үшінші кітабы.