Saran индустриалды аймағында екі жаңа кәсіпорын ашылады.Ол ыстық мырыштау зауыты және болат түзу құбырлар өндірісі болмақ. Бірегей жоба барысын жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келген Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев танысты.