Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ет өнімдерінің тазалығы мен сапасын үнемі бақылауда ұстайды.Тұтынушы сенімі мен қауіпсіздікті қалыптастыру үшін VetLab пилоттық жобасы іске асырылған.Тілшіміз стандарттарға сәйкес ет өнімдерін бақылау үшін арнайы зерханаға барып қайтты.