Ұлытау облысының кәсіпкерлері ұмыт болған ұлттық сусынды қайта жаңғыртып жатыр. Байдалы би ауылының тұрғыны Зәуреш Жаркенова сиыр сүтінен ашыған көже әзірлейді. Оны сатып пайда табады. Бір қарағанда таң қалатын түгі жоқ дерсіз. Бірақ, таңсық асқа айналыпты. Қысы-жазы сұраныс жоғары. Әріптесім Гүлбақша Ақажанова ұлттық сусынның дәмін татып көрді.