Қарағанды облысында үш метапневмовирус жағдайы тіркелді. Өңірде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-нің 54 мыңға жуық жағдайы белгілі болды. Жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы - балалар.