Қазақтың бұлбұлы Қарағандыда. Опера өнерінің мақтанышы, күміс көмей әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова биыл 95 жаста. Өнер иесі бұған дейін Алматы, Астана, Шымкент, Семей қалаларында мерейтойын атап өткен.Осы жолы қазыналы Қарағандыға ат басын бұрды.