Қарағанды облысы электрондық сауда бойынша көшбасшылар үштігінде. 2023 жылы аймақ тұрғындары онлайн-сатып алуға 30 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Өткен жылы бұл сома шамамен 25 пайызға өсті. Интернет дүкендердің дамуы туралы өңір басшысының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте баяндалды.