Қарағанды облысында жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасында металлургиялық кластер пайда болады. Ол үшін бюджеттен жыл сайын 10 миллиард теңге қаржы бөлінбек. 10-нан астам инвестициялық жоба іске қосылады. Жыл қорытындысы бойынша өңір Атырау облысынан кейін өнеркәсіптік өндіріс көлемі жағынан екінші және өңдеуші сектор бойынша көшбасшы орында.