Облыс әкімі қар тазалау жұмыстарының сапасына қатысты қатаң ескерту жасады. Аймақ басшысының бұл жолғы сын садағына Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының әкімдері ілінді.Ермағанбет Бөлекпаев қала тұрғындарының барлық шағымдарын оқып, көріп отырғанын айтты. Бұл күндері қиындықтар тек жаяу жүргіншілерге ғана емес, автокөлікпен жүруде қолайсыздық туғызып отыр. Ал, Қарағандының жол қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқандарын хабарлады.