Қарағанды облысында полицейлер жолды қар мен мұздан тазаламаған жауапты мекемелерге 315 мың теңге айыппұл салды.Хаттама «ҚазАвтоЖол» мен төрт мердігер компанияға жолданған.Айта кетейік, былтыр да қар күремегені үшін аталған мекемелер 25 миллион теңге айыппұл арқалап еді. Әзірге бұл шарадан да нәтиже байқалмайды,-дейді полициядағылар.