Қарағанды облысында жайылымда жүрген 47 бас жылқы көлге батып өлді. Қарқаралы ауданының полициясына тұрғындардан мал жоғалғаны туралы өтініш келіп түскен. Жоғалған табынды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті еріктілер тартылды. 10-ға жуық іздеу топтары ұйымдастырылған.