Қарағанды облысында еңбек нарығын қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылмақ.Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік курстарда оқыту жүргізіледі. Колледждер дуальды оқытуды дамытып, жаңа сұранысқа ие мамандықтарды енгізуді қолға алуда. Тұрғындарды жаңа мамандықтарға оқыту үшін биыл Jumys Tap пилоттық әлеуметтік жобасы іске қосылды.Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысында кадрларды даярлау мәселелері көтерілді.